ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ АДАМДАРЫ

 

Назарларыңызға Америкалық Forbes  журналының 2016 жылы жариялаған әлемнің ең бай адамдарының тізімін ұсынамыз.

 

  1. Билл Гейтс

Байлығы: $ 75 млрд

Жылдық өзгеріс: – $ 4,2 млрд

Табыс көзі: Microsoft

Жасы: 60

Мемлекет: АҚШ

Forbes тізімінде Билл Гейтс – соңғы 22 жылда 17-ші рет көшбасшы болып отыр. Соңғы бірнеше жыл бойы ол тек Microsoft негізін қалаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең жомарт қайырымды адамдардың бірі ретіндежиі аталады. Оның Bill& Melinda Gates Foundation қайырымдылық қоры дамушы елдерде денсаулық сақтау және вакцинацияны дамытумен айналысады. Меценаттыққа Гейтс қазірдің өзінде $31,5 млрд. жұмсады.

Бұл жылғы табысының 20% Гейтске Microsoft акциялары әкелді, кәсіпкер компания акцияларының 3% иеленеді. Бұдан басқа инвестициялары қатарында Канада Ұлттық темір жолдары, Америкалық инженерлік Deere & Co. компаниясы тағы басқалар бар.

 

  1. Амансио Ортега

Байлығы: $ 67 млрд

Жылдық өзгеріс: + $ 2,5 млрд

Табысі көзі: Zara

Жасы: 79

Мемлекет: Испания

Амансио Ортега – Еуропадағы ең бай адам сонымен қатар, әлемдегі ең бай ритейлер. Ол испандық теміржолшы отбасында дүниеге келген, 1975 жылы Zara компаниясын құрған. Атақты брендттің атымен ол кезде кәсіпкер марқұм жұбайы екеуі үйлерінде әйелдерге арналған іш киім тігумен бастаған. 1980-жылдардың ортасына қарай атақты бренд бүкіл Испанияны қамтып, шет елдерді жаулай бастайды.

2009 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта Ortega Inditex акцияларының құнының тез өсуіне байланысты $ 45 млрд. байыды. Бұл көрсеткіш Испания экономикасының тоқырауға ұшырауына қарамастан өсті. Zara негізін қалаушы инвестиция ретінде миллиардттаған доллар алды, бірақ ақшасын босқа жаратпай бизнеске қайта салды. Соңғы жылдары активтерін әртараптандыру үшін Мадрид, Барселона, Лондон, Чикаго, Майами және Нью-Йорк сияқты ірі қалаларда жылжымайтын мүлікке шамамен $ 8 млрд. инвестициялады.

 

  1. Уоррен Баффетт

Байлығы: $ 60,8 млрд

Жылдық өзгеріс: – $ 11,9 млрд

Табыскөзі: Berkshire Hathaway

Жасы: 85

Мемлекет: АҚШ

2015 жылдыңбасындамиллиардергетиесілі Berkshire Hathaway империясы өз тарихандағы ең үлкен келісім-шарт жасады. Олметаллургия саласында жұмыс жасайтын Precision Castparts компаниясын $ 37 млрд. сатып алды. Сонымен қатар, ол белсенді түрде Phillips 66 мұнай компаниясының акцияларын сатып алды 3G Capital (бірнеше Бразилиялық миллиардерлер бақылайтын компания) компаниясымен бірлесіп біраз кәсіп жобаларын атқарды. Компанияға Kraft Foods, Heinz, Burger King және желілік кофехана- Tim Hortons тиесілі.

Berkshire Hathaway – Америка Құрама Штаттарында табыстылық бойынша бесінші орындағы корпорация оған тиесілі компаниялар: тігін станогы Geico, Queen сүт және жеміс, Wells Fargo, IBM және Coca-Cola.

 

  1. Карлос Слим

Байлығы: $ 50 млрд

Жылдық өзгеріс: – $ 27,1 млрд

Табыс көзі: Телекоммуникациялар

Жасы: 76

Мемлекет: Мексика

Қиын нарықтық жағдайға қарамастан Карлос Слим әлемдегі ең бай адамдардың қатарында. Мексика үкіметі біртіндеп телекоммуникация саласындағы монополияға қарсы заңнаманы күшейтуде бұл жәйт миллиардергетиесілі оператор America Movil жағдайын төмендетті. Сондай-ақ Мексикалық песоның құлдырауы мен Бразилиядағы дағдарыс кәсіпкерді $ 27,1 млрд. кедейлендірді.

Дегенмен, миллиардер Мексикада ең бай адам болып табылады. Сонымен қатар, Мексикалық кәсіпкер New York Times баспа үйінің ірі акционері. Миллиардер өнеркәсіптік конгломератына Grupo Carso, Grupo Financiero Inbursa кіреді.

 

  1. Джефф Безос

Байлығы: $ 45,2 млрд

Жылдық өзгеріс: + $ 10,4 млрд

Табыс көзі: Amazon.com

Жасы: 52

Мемлекет: АҚШ

Джефф Безос бір мезгілде үш компанияны басқарады.  Amazon 2015 жылы рекордтық $ 107 млрд. тапқан, алайда 2016 жылдың басында компания нарықта өз құнының бөлігін жоғалтты. Бұған New York Times газетінде жарық көрген, Amazon компаниясындағы қызметкерлердің құлдық жағдайын және қызметкерлерге көрсеткен басшылығының қысымынсипаттағанмақала әсер етті.

2015 жылы кәсіпкерге тиесілі аэроғарыштық компания Blue Origin BE-3 зымыранның сәтті қонуын жүзеге асырды.

 

 

  1. Марк Цукерберг

Байлығы: $ 44,6 млрд

Жылдық өзгеріс: + $ 11,2 млрд

Табыс көзі: Facebook

Жасы: 31

Мемлекет: АҚШ

Цукерберг үшін 2015 жыл әсіресе табысты болды. Facebook бағасы көтеріліп,  өткен жылы оған қосымша $ 11,2 млрд. табыс әкелді. Сонымен қатар, Цукерберг алғаш рет әке болды. Осыған байланысты, кәсіпкер, мен оның әйелі Присцила Чан қайырымдылық мақсаттарға өз акцияларының 99% беретіні туралы жариялады.

Facebook-тың табысы өсіп келеді, сонымен қатар, Цукерберг виртуалды шындық дулығасы Oculus Rift инвестиция жасауда – гаджет әлі прототип сатысында болғанымен, олардың өнімдері үшін, компания Oculus VR $ 2 млрд. жұмсаған. Ал 2014 жылы $ 19 млрд.сатып алынған хабаршы WhatsApp, ақпан айында тағы 1 млрд. пайдаланушыларға артты.

 

  1. Ларри Эллисон

Байлығы: $ 43,6 млрд

Жылдық өзгеріс – $ 10,7 млрд

Табыс көзі: Oracle

Жасы: 71

Мемлекет: АҚШ

Ларри Эллисон 2014 жылы Oracle бас директоры қызметінен босап, тек технологияларды дамыту директоры және директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын ғана атқаруға шешім қабылдады. Өз мансабының бастапқы кезінде талантты маман ЦРУға жұмыс істеген, 1977 жылы Oracle компаниясын құрды. 2015 жылы, Эллисон Oracle бұлтты бағдарламаларды әзірлеумен айналысып,  көп ұзамай Amazon бәсекелесі болады деп жариялады.

 

  1. Майкл Блумберг

Байлығы: $ 40 млрд

Жылдық өзгеріс: + $ 4,5 млрд

Табыс көзі: Bloomberg LP

Жасы: 74

Мемлекет: АҚШ

Майкл Блумберг 2013 жылдың соңында Нью-Йорк мэрі қызметінен кетті. 2015 жылы Блумберг бизнеске қайта оралып,  Bloomberg LP қаржылық жаңалықтар агенттігінің Бас директорының лауазымына қайта кірісті. Ол өз есімімен аталатын, медиакомпаниясына жаңа серпін беруге ниетті. Ең алдымен миллиардер қызметкерлер санын азайтты, штатта қалған тілшілер қаржы және бизнес-жаңалықтар бойынша жұмыс істейді.

Блумберг АҚШ-та  қайырымдылықпен айналысатын ең жомарт адамдардың бірі ретінде беделге ие, қайырымдылыққа, ол $ 3,8 млрд., жұмсаған. Сондай-ақ, миллиардер БҰҰ-ның қалалық іс және климаттың өзгеруі бойынша арнайы елшісі мәртебесіне ие болды.

 

 

9-10. Чарльз Кох

Байлығы: $ 39,6 млрд

Жылдық өзгеріс – $ 3,3 млрд

Табыскөзі: Косһ Industries

Жасы: 80

Мемлекет: АҚШ

ДэвидпенЧарльз Кох атты ағайындылар АҚШ-тағы бизнес, саясат және қайырымдылық саласындағы ең беделді адамдардың қатарында. Олар бірігіп Косһ Industries атты көп салалы компанияға иелік етеді. Чарльз Кох 1965 жылдан бері компанияның директорлар кеңесін басқарады. Ағайындылар Республикалық партияға барынша демеу көрсетеді.

Ағайындылардың қайырымдылық саласындағы елеулі қаражаты афроамерикандық студенттерді қолдауға арналған $25 млрд. көлеміндегі грант бөлуі.

 

 

 

 

9-10. Дэвид Кох

Байлығы: $ 39,6 млрд

Жылдық өзгеріс – $ 3,3 млрд

Табыс көзі: Косһ Industries

Жасы: 75

Мемлекет: АҚШ

Дэвид пен Чарльз Кох атты ағайындылар АҚШ-тағы бизнес, саясат және қайырымдылық саласындағы ең беделді адамдардың қатарында. Олар бірігіп Кох Industries атты $100 млрд. тұратын көп салалы компанияға иелік етеді.

 

 

Дереккөз: http://www.forbes.com/billionaires/

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0