Стартап дегеніміз не?

Соңғы кезде қолданысқа енген, стартап сөзі сәнге айналды. Әсіресе жастардың арасында кеңінен тараған сөз замана желісімен батыстан келген.

Сонымен, стартап дегеніміз не?
Ағылшын тілінен аударғанда «start-up» – “іске қосу“ деген мағынаны білдіреді.

Стартаптың классикалық мағынасы мен мәні.

Стартап — жаңадан ашылған, әлі даму жолындағы компания, оның әлі заңды құжаттары да рәсімделмеген болуы мүмкін. Мұндай компаниялар әдетте өз кәсібін жаңа инновациялық идеялар негізінде немесе жаңа технологиялар көмегімен жүзеге асырады. Әдетте стартаптар қаржы тапшылығы мен нарықтағы орындарын әлі алмағандықтарымен ерекшеленеді. Көбіне АҚШ-та стартаптарды студенттер немесе жастар ашады.Стартап мәні нарықтағы кез-келген саладағы бизнес бастамасына колданылады.

 

Стартаптардың пайда болу тарихы

Алғаш рет  «стартап» (ағыл. start-up — бастау, жаңадан іске қосу)термині 1939 жылы АҚШтағы Сан-Франциско қаласының маңындағы Санта-Кларе (Калифорния) даласында пайда болды. Ол кезде осы өңірде жоғарғы технологиялармен айналысатын барлық дерлік компаниялар шоғырланған болатын. Стэндфорд университетінің студенттері – Дэвид Паккард пен Уильям Хьюлетт өздерінің кішігірім бастамаларын стартап деп атады.Уақыт өте келе ол стартап Хьюлет-Паккарт атты үлкен әрі табысты компанияға айналды.

Бүгінде стартап деп тек интернетпен байланысты және өзіндік ерекшелігі бар сайттарды немесе интернет жобаларды атайтын қате тенденция қалыптасқан..

Бұл қате пікір әлемдегі атышулы: Facebook, ВКонтакте, Одноклассники.ру, Instagram сияқты интернет стартаптардан кейін пайда болған.

Алайда стартап деп кез-келген жаңадан ашылған бизнесті атауға болады. Бүгінгі таңда қазақстанда да стартаптар жастар тарапынан да, ересектер тарапынан да жиі ашылуда.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0