«Қалайы ханым» – Гүлжан Молдажанова

Әлемнің ең ықпалды әйелдері тізіміне аты енген алғашқы және әзірге жалғыз қазақ қызы. Сонымен қатар ол Ресейдің ең қымбат 25 топ-менеджерлері қатарындағы жалғыз әйел оның жылдық жалақысы $7 млн. құрайды

181341621-e1447924849498

Гүлжан Талапқызының бизнес әлеміндегі жұлдызды жолы сонау 90-жылдардағы қиын-қыстау кезеңде Мәскеу қаласында басталды.

20

Гүлжан Талапқызы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген, әкесі металлург, шешесі фармацевт. Мектепті тәмәмдағаннан кейін әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетіне оқуға тұседі. 1989 жылы ҚазҰУ түлегі ғылым жолын қуып Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлкеттік университеттің аспирантурасына оқуға түседі. Аспирантураны тәмәмдаған Гүлжан Мәскеудегі ғылыми институттардың бірінде ғылыми қызметке орналасады.

90-жылдардағы қиын экономикалық жағдай ғылым саласын да шарпып өткені баршаға мәлім. Жалақы айлап төленбейді, мемлекет ғылыми-зерттеу жұмыстарны қаржыландырмайды, ол жылдары көптеген ғылым адамдары өз дипломдарын үйге қойып кәсіпкерлікпен айналыса бастаған.

Күнкөріс қамымен 27 жасар ғылым кандидатыГүлжан да өзінің курстасы Олег Дерипсаканың сол кезде енді-енді танымал болып келе жатқан фирмасына жұмысқа тұрады.

«Росалюминпродукт» фирмасының бас директорының хатшысы қызмеіне орналасқан қазақ қызының сол кездегі жалақысы $200 құрайды. Кейін ол бір сұхбатында: «Ол кезде мен үшін ең бастысы күнделікті өмірге жеткілікті ақша табу болатын»,- деп айтады.

Арада 2-3 апта өтпей-ақ алғыр қыз қаржы директорының көмекшісі болды, соңынан «Сибал» (Сибирский алюминий) компаниясының коммерциялық директоры қызметіне тағайындалды. 10 жыл ішнде Гүлжанның тасы өрге домалап, ол 2005 жылдан бастап «Базэл» корпорациясының бас директоры қызметіне тағайындалды.

56330415

«Базэл» Ресей олигархы Олег Дерипаскаға тиесілі ірі корпорация оның құрамына: машина жасау, алюминий өңдеу, тау-кен қазбалары мен авиациямен тағы да басқа салалрды қамтитын компаниялар кіреді.

Қазіргі таңда әлемнің 129 мемлекетіндегі 100 компанияның басын құрап оларды қарқынды дамытуда, ал оның қарамағында 200 000 астам жұмысшы жұмыс жасауда. Ал, көп салалы холдинг ішіндегі құрылымның тиімді жұмысы мен іскер менеджерлер командасының жасақталуы – Гүлжанның зор еңбегінің арқасында жүзеге асқан.

%d0%b0%d0%bb%d1%8e%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d1%8f

Қызметтес әріптестері Гүлжанды келісім-шарттарды 10 минут ішінде оқып егжей-тегжейлі таныса алады, жаңа ақпараттыөте тез меңгеріп, қатаң әрі нақты шешімдер қабылдай алады. Жұмыста мінезі өте қатаң адам, онымен жұмыс істеу екінің бірінің қолынан келе бермейді, ал бірге қызметтес болған адамдар оның адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалайды дейді.

 

Forbes журналы 2008 жылы жариялаған әлемдегі ең беделді 100 әйелдің тізіміндегі 37-ші орынды Гүлжан сол кездегі АҚШ-тың бірінші ханымы Лора Буш, Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизаветадан озып шықты.

Ханзадалар мен танымал саясаткерлердің, басқарушы менеджерлер мен журналистердің ықпалдылық деңгейін әлем жұртына жыл сайын жария етіп отыратын бұл тізім өте беледі рейтинг болып саналады.

 

«Қазақстанда туған Гүлжан Молдажанова Дерипасканың корпоративтік стратегиясына елеулі ықпал етіп отыр. Ал бұл стратегия – автокөліктің құрал-сайманын өндіруден, құрылыс пен ядролық энергетика саласын кеңейтуге дейінгі мәселені қамтиды», – деп жазады Forbes.

Мұндай беделді әрі байсалды тізім ішінде қазақ қызы Гүлжанның есімі аталуы Ресейлік іскер ортаны аса таңдандыра қойған жоқ. Ресейлік «Базовый элемент» бас директоры Гүлжан Молдажанованы Батыс баспасөзі әлемдегі ең бай адамдардың бірі – «қалайы патшасы Олег Дерипасканың оң қолы» деп атап кеткен.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0