Стив Джобс

Біз алғашқы мақаламызды аты аңызға айналған Стив Джобсқа арнаймыз. Әйгілі кәсіпкер бүкіл әлемдегі миллиондаған жандарға тек жаңа техникалық ноу-хауларын сатып алғызып қана қоймай, жаңа интернет пен электроника атты діннің пайғамбарына айналды.

Әйгілі Apple компаниясының негізін қалаушы, адамзатқа iPhone, iPod, iPad, MacBook, App Store сияқты құралдарды ашқан.

Электроника мен интернет технологиялар саласында  төңкеріс жасаған адам қайндай ғұмыр кешкен? Кім болған?

 

  1. Стив Пол Джобс 1955 жылдың 24-ақпанында Абдулфатт Джандали атты сириялық азамат пен АҚШ-тық Джоан Шибле Симпсонның некесіз туылған баласы. Ата-анасы бас тартқан кішкене Стивті Пол Джонс пен оның зайыбы Клара Агонян асырап алған. Баланы асырап алудағы анасының қойған басты шарты – Стив міндетті түрде жоғарғы білім алуы керек.

Есейгеннен кейін Стив өзінің туған әке-шешесін тауып алған. Олар кейіннен отбасын құрып Мона атты қыздары дүниеге келген. Стив қарындасымен жақсы қарым-қатынаста болған. Бірнеше рет анасымен де кездескен, ал әкесімен ешқашан кездеспеген екен.

 

  1. Стив мектеп жасында болған кезде оның әкесі Пол Джонсты жұмыс бабымен Кремний даласындағы әйгілі Пало-Альтоға ауыстырады. Джобстар жанұясы Пало-Альтоға жақын жердегі Саннивейл қалашығына қоныстанады.Осылайша атақты кәсіпкер Америкадағы компьютерлік технологиялардың ордасында өсіп-жетілді бұл әрине оның келешегіне өз әсерін тигізді..

Әкесі оған кішкентайынан электроникалқ құралдарды құрастыруды үйртекен. Мектеп жасында Стив Джосб өзінің аттасы Стив Вознякпен танысып достасады. Бұл таныстық оның алдағы өміріне тікелей әсер етеді. Кейіннен олар бірігіп «Apple» компаниясын құрады.

 

  1. 1972 жылы мектепті бітіргеннен кейін Стив Джобс Рид колледжіне оқуға түседі. Алайда сабақтарды тым іш-пыстырарлық деп шешкен ол бірінші семестрден кейін оқудан шығып кетеді.  Бірақ өзін қызықтыратын каллиграфия сияқты кейбір сабақтарға қатысуын тоқтатпайды. Өмірінің ол кезеңінде атақты кәсіпкер достарының үйнде жерде ұйықтап, кока-кола шөлмектерін өткізуден тапқан ақшасына күн көрген. Кейіннен Джобс: «Егер мен сол кезде каллиграфия дәрістерін алмағанымда Мактың бірнеше гарнитурасы мен әдемі әріптері ешқашан пайда болмас еді», – деген екен. Бір жылдан кейін Джобс Индияға буддизмнің қыр сырына қану үшін кетеді. Ол жақта ол буддизм дініне мойынсұнумен қатар алғашқы рет ЛСД дәрілерін ішіп көреді.

 

  1. 1976 жылы Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уейн үшеуі қосылып «Apple» комапниясының негізін қалайды. Компания офисі Стивтің үйіндегі әйгілі гаражда орналасады. Олардың басты мақсаты сол кездегі компьютерлерді кішірек қылып, қатардағы адамдардың қолдануына қолайлы етіп жасау болады. Жас кәсіпкерлер өз мақсатына жетіп электроника саласында төңкеріс жасайды. 1980 жылы «Apple Computers» ашық акционерлік қоғамға айналады да, сатылымның алғашқы күні оның акцияларының құны 1,2 млрд АҚШ долларына тең келеді. Компаияны басқаруды Джобс сол кездегі «Coca-Сola» компаниясының маркетинг жөніндегі маманы Джон Скаллиге ұсынады.

 

  1. 1976 жылы Стив Возняк ең бірінші «Apple I» компьтерін жасап шығарады да компания сондай комипьютерлерді сата бастайды. Әр компьюетрдің бағасы 666,66 АҚШ долларын құраған. Сол жылы «Apple II» компьютерлері жаппай сатылымға шығып әлем бойынша 25 миллион данамен таралады. Сөйтіп Стив Джобс 25 жасында миллионер болады.

 

  1. Кейіннен «Apple Computers» компаниясының шығарған бірнеше тауары көптеген кемшіліктерінің арқасынада жақсы сатылмайды, тіптен бірқатарын тұтынушылар қайта қайтарды. Компанияның жетістікке жетуіне Джобс кедергі болып тұр деп ойлаған Скалли оның компаниядан кетуін талап етті. Компанияда қандай да бір лауазымды қызметте болмаған Джобс оны 1985 жылы тастап кетеді де, өз бетінше қайтадан жаңа компания құрады.

 

 

  1. «NeXT, Inc.» – Джобстың жаңа компаниясы, компьютерлер мен оларға арналған бағдарламалық құрылымдар шығарумен айналысты. 1986 жылы Джобс Джордж Лукастың анимациялық компаниясын сатып алды, кейіннен ол әйгілі “Pixar Animation Studios” компаниясына айналды. В 2006 г. студия “Walt Disney” компаниясымен қосылып,  Стив Джобсты “Disney” компаниясының ең ірі акционерлерінің біріне айналдырды.
  2. 1996 жылы Стив «Apple Computers» компаниясына басқарушы директор болып қайта оралады. 2000 жылы ол Гиннес рекордттары кітабына жалақысы ең аз басқарушы директор ретінде енеді. Оның жылдық жалақысы құжат бойынша небәрі 1 долларды құрайды.

 

  1. 2001 жылы Стив iPod атты алғашқы плейердің тұсауын кеседі.Сол кездегі музыкалық индустрияда және шоу-бизнесте төңкеріс жасаған iPod компания табысының едәуір бөлігін қамтамасыз етеді.

Ал iTunes Music Store болса mp3 форматындағы әуенді заңды түрде сататын ең алғашқы дүкен болды. iPod пайда болуымен бірге Apple

Компаниясының жаңа дәуірі басталды, бұған дейін тек компьютер шығаратын фирманы енді елдің бәрі білетін болды.

  1. Ал 2007 жылы атақты  iPhone сатылымға шығады. Өз бойында комуникатор, мини-компьюетр және әуен тыңдайтын плейерді біріктірген самртфонның пайда болғанына әлі 10 жыл да толған жоқ. Алайда гаджет әлемдегі электроника мен мобильді телефондар саласында өзгеріс енгізіп үлгерді. Бұл смартфондардың пайда болуымен бірге Стив Джобстың аты ғұлама адамдармен тең тұрарлық дәрежеге жетті. Әлемде оған еліктейтін және оның өмірлік философиясын өздеріне үлгі тұтатын көптеген адамдар пайда болды.

 

  1. Мұнымен Apple компаниясының керемет ашылулары ақяталған жоқ әрине. 2008 дүниеге жылы ең жіңішке және жеңіл ноутбук MacBook Air дүниеге келеді. Ол басқа компьютерлерден өзінің техникалық өзгешеліктерімен және жоғарғы деңгейдегі қауіпсіздк шараларымен ерекешеленді.

 

  1. Стив Джобс 2011 жылы анкологиялық ауру салдарынан өмірден озды. Сол уақыттан бері ғұлама кәсіпкердің өмір тарихы мен милиардттаған қаржысы бар империяның шыңына қалай көтерілгендігі туралы көптеген кітаптар жазылып, фильмдер түсірілді. Ол әрине мінсіз адам болған жоқ, алайда жоқтан бар жасап соның арқасында адамзат өмірін жеңілдетіп, әрі қызықты етудің жолын таба білген кәспікер өз өмірінің үлгісімен дүние жүзінде миллиондаған адамдарды жаңа бастамаларға шабыттандырғандығы сөзсіз.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0