Декреттегі аналар қандай бизнеспен айналысса болады?

Сәби бағу үшін декреттік демалысқа шығып, үйде отырған көптеген қыз-келіншектер қаржы тапшылығына байланысты немесе өз патенциалдарын дамытып, пайдалану мақсатында бір кәсіппен айналысып, ақша тапқанды жөн көреді. Егер сіз сондай қыз-келіншектердің қатарынан болсаңыз сіз үшін қолайлы әрі тиімді бизнес түрлерін талдап көрейік.

 

№ 1 бизнесидея

ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН САБЫН

soap-1209344_1920

Үйде кішігірм бизнес бастағысы келетін және көп қаржысы жоқ адамдарға өте қолайлы идея. Сабынды неше түрлі етіп үйден қайнатып, қатырып , содан кейін майда бөлшектерге бөліп сатуыңызға болады. Әр сабынға өз талғамыңыз бойынша: құлпынай, раушан гүлі, түймедақ тағы басқа қоспалар қоссаңыз болады. Сабындарыңызды қатырған кезде неше-түрлі қалыптарға салып қатырсаңыз сабыныңыздың түрі де ерекшелене түседі.

Сабын қайнатуға керекті шикізатты арнайы интернет-дүкендерден тапсырыс беріп сатып алуға болады.

Керектілер:

1) сабын ерітіндісі

2) эфир майлары

3) қорап

 

Есте сақтарлық жәйт. Қолдан жасалған сабындарды адамдар көбіне өздеріне емес, сыйлыққа тарту ретінде алады. Сондықтан сабындарыңыздың қорабы мен безендіруіне мән беріңіз.

Дайын өніміңізді таныс, туыстарыңызға сатудан бастаңыз. Кейіннен интернетарқылы немесе сыйлық сататын дүкендер арқылы сатсаңыз болады.

Қазақстанда сатылатын қолдан жасалған сабындар негізінен шет елдік өнімдер, олар орта есеппен -500-600 теңгеден сатылады.

 

№ 2 бизнесидея

БАЛА КҮТУШІСІ НЕМЕСЕ МИНИ- БАЛАБАҚША

ccf0144f6bda0fd3027b266e47ea70a7

Егер сіз өз балаларыңызды үйіңізде бақсаңыз, таныс немесе көршілеріңіздің де балаларын ақылы түрде ата-анасы жұмысқа кеткен уақытқа алып қалсаңыз болады.

Баланың азаннан кешке дейінгі күтімі, берген тамағыңыздың ақшасын қосып еңбекақы ретінде алып отырсаңыз болады.

Мысалыға бір балаға 1 сағат баққанға белгілі бір сома, ал таңертеңнен кешке дейін баққанға басқа бір сома белгілеп сол бойынша өтемақы алуға болады. Бұл бизнес үшін тұтынушыларды өз үіңізге жақын жерде тұратын көрші-қолаңдарыңыздың арасынан тапқаныңыз жөн. Подъездерге арнайы хабарландыру іліп қойсаңыз ата-аналар балаларын сізге қалдыруға ниет білдірері анық.

Үлкен қалалардағы балалар-бақшасындағы кезектің көптігінен көп балалар үйде қалуға мәжбүр сондықтан бизнестің бұл түрі өте тиімді.

Керектілер:

  • Балалардың онауына, ұйықтап дем алуына қолайлы жабдықталған үй
  • Балаларға арналған тамақ түрлері
  • Ойыншықтар
  • Сіздің шыдамдылығыңыз бен уақытыңыз

 

№ 3 бизнесидея

БЛОГЕР

office-620817_1920

Қазіргі кезде қазақтың қыздары инстаграм әлемін жаулап, әлеуметтік желінің арқасында ақша тауып, танымал жұлдыздарға айналуда.

Сіз де солардың қатарына қосылуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін белгілі бір сала туралы қызықты және пайдалы кеңестер мен ақпараттарды жаза білу қажет, немесе әдемі суреттер түсіріп оларды инстаграмға нақыл сөздермен бірге жариялап тұрсаңыз да болады. Сіздің блогыңыз немесе акаунтыңыздың саны көбейгеннен кейін жарнама беруші компаниялар сізді өздері тауып ақылы жарнама беруге тапсырыс жасайды.

 

Керектілер:

  • Интернет
  • Компьютер немесе смартфон
  • Фотоаппарат

 

 

№ 4 бизнесидея

АСПАЗШЫ НЕМЕСЕ КОНДИТЕР

strawberries-1353274_1920dessert-1618621_1920

Қазіргі кезде қолдан арнайы тапсырыспен жасалған торттар мен тәттілер үлкен сұранысқа ие. Егерде сіз тәтті тағам жасауды жақсы көрсеңіз сіз үшін қолайлы бизнес түрі.

Бизнеспен айналыспас бұрын тағамның қандай түрлерін жасап сататыныңызды белгілеп алыңыз. Тағамдарыңызды алдын-ала әзірлеп, туыстарыңызға немесе жарыңызға беріп олардың сыны мен пікірлерін сұраңыз.

Тәттілеріңіз арнайы тақырыптық дизайнмен жасалса тіптен жақсы.

Тәтті пісіруге тапсырыс алған кезде тағамынң бағасына оған жұмсалатын шикізаттың ақшасын және өз еңбегіңіздің төлемін саласыз.

Өз тауарыңызды жария ету үшін әлеуметтік желілерді қолдансаңыз болады, туған-туыстарыңызды, жолдастарыңызды да құлаққағыс етіңіз.

Керектілер:

  • Интернет
  • Аспаздық мәзірлер
  • Ыдыс-аяқпен және пешпен жабдықталған бөлме

 

№ 4 бизнесидея

КӨРПЕ ТІГУ

5cb1ed63a3ceb663723985d10556d5b4_big

Қазақтың ұлттық оюларымен безендіріглен немесе құрақ көрпелер үлкен сұранысқа ие. Оларды жаңадан үй сатып алған адамдар немесе ұзатылған қыздың жасауына қосуға сатып алады.

Егер сіз апаңыдзан көрпе тігіп, құрақ құрауды үренсеңіз бұл өнеріңіз жақсы пайда көзіне айналуы мүмкін. Өйткені замануи қыз-келнішектердің көбі көрпені ертедегідей өздері тікпей сатып алуды жөн көреді. Ал егер сіздің көрпеңіздің түр-түсі келісіп, оюлары әсем болса құба-құп, замануи талаптарға сай болс сұранысқа ие болатыны сөзсіз.

Әдетте қыздың жасауына көрпені бірден 4-5 данадан сатып алады сондықтан сатқан көрпеңіздің саны мен мөлшеріне қарай бір тапсырыстан қомақты қаржы түсіруге мүмкіндігіңіз бар.

Керектілер:

  • Маталар
  • Мақта немесе паралон
  • Тігін машинасы
  • Ине-жіп

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0