Ең табысты әлеуметтік желі Facebook

Facebook бүгін – бүкіл әлем бойынша ең танымал және ең көп талқыланатын интернет-жоба. Желінің қазақстандық сегменті де күн санап өсіп келеді.

2004 жылы Гарвард университетінің стундеттерінің арасында ақпарат алмасу үшін жасалған әлеуметтік желі уақыт өте келе әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды бір-бірімен байланыстырып, ақпарат алмасу үшін таптырмас құралға айналды. Желі қолданушылары санының өсуімен қатар, компания табысы да ұлғая түсті, ал Марк Цукерберг небәрі 23 жасында әлемнің ең жас милиардері атанды.

Кезінде «Facebook компания болу үшін жасалған жоқ,Facebook әлемді байланыстырып ашық ету миссиясымен жасалған әлеуметтік жоба», – деген Марк Цукерберг бүгінде Фейсбуктің капиталдандыруын үздіксіз жүргізуде, сонымен қатар жобасын әрдайым жаңалап, күн өткен сайын жарнама және басқа қызметтер тарапын оңтайландыруда.

Қазіргі таңда Фейсбук әлемдегі ең көп қолданылатын әлеуметтік желілер қатарында, оның қолданушылар саны 2 млрд жуық. Күніне Фейсбікқа 1 млрд астам кіреді.Forbes бағалауынша 2016 жылдың екінші тоқсанында Фейсбуктың таза табысы $2,06 млрд. тең болды.

Сонымен Фейсбуктың табысы неге байланысты? Жетістіктің сыры неде?

Ең біріншіден әлеуметтік желі ақылы жарнама мен хабарлама арқылы пайда табады. Пайданың бұл жолын сайттар мен барлық дерлік әлеуметтік желілер қолданатыны мәлім. Әрбір қолданушының сайтта өткізген уақыты мен оның талғамдары жарнама пайдасына айналдырылады. Ал күн санап өсіп отырған сайт қолданушыларының саны осы жарнама табысын да ұлғайтуда.

Екіншіден, арнайы сыйлықтар.

Үшіншіден, неше-түрлі бағдарламалық қоспалар, мысалыға: Farmville ойыны. Бұл ойынды ойнаушылар арнайы виртуалды жем-шөпті ақшаға сатып алады.

Ал атақты желі басқаларға қарағанда неліктен көп сұрансықа ие болып қолданушылар санын күн арта көбейтуде? Фейсбук жетістігінің бар сыры оның адамдардың қолдануына қолайлы әрі көпсалалы болғандығында. Фейсбук жасаушылары адам писхолоиясының қыр-сырын жақсы меңгеріп оған қажетті және пайдалы, эгоистік сұраныстарын қанағаттандыратын қызметті жасаған.

Қолданушы парақшасы керек кезінде бар ақпаратты көрсете алатын, және қолданушыға керекті жаңалықтармен фото, видео және мәтін арқылы бөлісе алатын қызметті береді. Тағы бір ерекшелік желі қолданушысы өз таланттары мен шығармаларны әлемге жариялап өзін-өзі танымал етуіне де мол мүмкіндік бар. Желіде неше түрлі топтар құрып олар арқылы өзіңіздің көздеген ақпаратыңызды тағы тарата аласыз.

Сонымен қатар, Фейсбук иелері әр кезеңде жаңадан шыққан стартаптарды сатып алып, оларды Фейсбукке байланыстыра білді осылайша олар біріншден өз бәсекелестерін жойды, және желісін одан әрі әрлендірді. Ондай стартаптар қатарында атақты Instagram мен WhatsApp та бар.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0