Ең бай кәсіпкерлерге ортақ қасиеттер не?

Кәсіпкерлікте жетістікке жетіп, милиардерболу үшін қандай болу керек? Жұмысты қалай жасау керек? Миллиардттаған байлыққақол жеткізген кәсіпкерлердің сыры неде?

Бай болу шарттары тақырыбына американың Томас Дж. Стэнли және Уильям Д.Данко атты ғалымдары 90-шы жылдары ерекше сауалнама-зерттеу жасаған болатын. Сауалнама барысында табысы 1 миллион доллардан асатын 11 000 бай адамдардың өмір сүру үрдісін жіті зерттеп, оларға бірқатар сұрақтар қойған. Зерттеу негізінде америкалық миллонерлердің өмірін егжей-тегжейлі суреттейтін «Сіздің көршіңіз миллионер» атты кітап жазылды. Зерттеу барысында кәсіпкерлер көптеген сұрақтарға жауап берген, ең бай адамдардың барлығына ортақ жауаптар мен өсір сүру үрдісін назарыңызға ұсынамыз.

Қарап тұрсаңыз кәсіпкерліктің қай түрінде болмасын, жетістіктің басты факторлары: еңбекқорлық, өз ісіңе деген сүйіспеншілік пен құштарлық. Кейде кәсіпкерліктегі жетістіктің басты шарты қиындыққа деген дайындық пен жауапкершілікті өз мойныңа алу сияқты болып көрінеді. Алайда кәсіпкердің өз ісіне деген сүйіспеншілікпен жұмыс істеп, жауапкершіліктің бәрін өз мойнына алып қиындақтарды бірінен кейін бірін бастан өткеріп, соңында байлыққа кенелмегенін де білеміз.

Байлығы 1 млн. доллардан асатын кәсіпкерлердің басқалардан айырмашылығы неде екенін, зерттеу барысындағы сұхбатты тереңдеп оқысақ түсінеміз. Бұл кәсіпкерлердің жетістікке жетулеріне еркінідкке деген құштарлық, жетістікке жетендігіне деген зор сенім, батылдық пен тәуекелге деген ерекше көзқарас.

Тәуелсіздік пен тығырық.

Кәсіпкерелрдің барлығы дерлік ата-аналарынан, жұбайларынан немесе достарынан тәуелсіз болған. Олардың ойынша кәсіпкер бизнеске  өз қаражатын салу керек. Осындай жағдайда ғана кәсіпкер бизнесте жетістікке жете алады. Кейбір адамдар сияқты бизнесті біреуге сыйға тартуға немес біреуге арнап ашуға болмайды. Кәспкер үшін жетістікке жетудің басты шарты – ол кері қайтатын жолдың жоқтығы, яғни бизнеске адам өз ақшасын салған онмыен қоса уақытын, атын тауарын кәсіпке тіккен. Ең бай кәсіпкерлерді ешкім қолдамаған, олардың байлығы тек өз еңбектерінің жемісі. Кәсіпкер тек өз бетінше жұмыс істеп тығығрыққа тіреліп, және ол тығырықтан өз бетінше шығудан басқа амалы болмай шыққанда ғана шынымен жетістікке жете алады.

Батылдық

Жетістік жолындағы тағы бір фактор ретінде кәсіпкерлере батылдықты атайды. Бизнесте жетістікке жету үшін қаржылыық тәуекелге бел буа білу қажет. Көптеген мүмкіндіктердің есігін тек батылдық қана аша алады. Батылдық бизнестің барлық түрінде қажет. Табатын табысың тек өзіңе ғана тәуелді болатынын біле тұра өз кәсібін ашу үшін батылдық қажет.

 

Еркіндік

Бизнесмендердің барлығын біріктіретін тағы бір фактор – еркіндікке деген құштарлық. Жетістікке жеткен кәсіпкерлер өз кезінде бизнесті еркін болу үшін, яғни өз-өзіне қожайын болу үшін ашқан. Олар өз уақыттарын өз талаптары бойынша жүйелейді, шешімдерді өздері қабылдайды, іс-қимылдарында біреуге тәуелді емес.

 

Тәуекелге деген көзқарас

Кәсіпкерлер тәуекел туралы не ойлайды? Олар үшін тәуекел дегеніміз не? Кәсіпкер болу олар үшін тәуекел емес, ол қалыпты жағдай. Кәсіпкер үшін басқа біреуге жалдамалы қызмет жасап тек бірғана жалақы яғни, табыстың бір көзін ғана игеру тәуекел болып табылады.

Сауалнамаға қатысқан 11 000 кәсіпкерлердің басым көпшілігінің ойынша, кәсіпкер болу үшін сіз оны жаныңызбен қалауыңыз керек. Егер ұжымнан бөлек жұмыс жасау идеясы сізге ұнамаса, кәсіпкерлік сізге арналмаған. Кәсіпкер болу үшін, сіз өзіңіздің жалғыз екеніңізді және өз күш-қауқарыңыздың барлығын қолданып, жұмыс жасайтыныңызға дайын болуыңыз керек. Сіздің бизнесіңізді сізден басқа ешкім жасамайтыныдығына дайын болуыңыз керек. Өз ісіңізді сүйіп, оны мақтан тұтуыңыз керек. Сізді жетістік тек әр күнді кәсібіңізді жандандра түсу үшін асыға күтсеңіз ғана күтіп тұр.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0