СІЗДІҢ СӘТТІЛІГІҢІЗДІ ӨЛТІРЕТІН ӘДЕТТЕР

Егер сіз жолы болғыш адам болғыңыз келсе міндетті түрде мына әдеттерден арылыңыз. Өйткені олар сізден сәттілікті алшақтатып, бақ-берекеңізді қашырады.

people-690547_1280

  1. Асығыс қорытынды шығару

Көбіне бізге ненің қалай болатындығын алдын-ала білетініміздей болып көрінеді, сөйтіп біз жаңсақ пікірге еріп, жалған қорытындымызға еріп жаңсақ шешімдер қабылдаймыз. Алйда өмір біз мүлдем күтпеген тосын сыйлар жасауды ұнатады, сондықтан да алдын-ала тон пішуден аулақ болыңыз. Басқа адамдардың әрекеттерінің себебін білеміз және олардың келешек іс-қимылдарын жорамалдай аламыз деп ойлау да қателік. Мұндай ой көбіне қарым-қатынастарға келеңсіздіктер ұялатады.

2. Оқиғаларды драмалау

Түймедей сәтсіздіктерді түедей қылып, көңіл-күйіңізді бұзудың қажеті жоқ. Мұндай көңіл-күймен сізде қорқыныш пайда болып, сәтті болуыңызға өз кедергісін келтіреді.

  1. Әр нәрсеге тұрақты баға беріп, стереотиптерге берілу

Кейбір нәрселер туралы пікірімз бен байламымызды өмір бойы өзгеріссіз сақтау, үлкен қателік болып табылады. Өмірде барлық нәрсе біз ойлағаннан және біздің білгенімізден әлдеқайда қызық, сонымен қатар біз білмейтін нәрселер көп, сондықтан барлық нәрсе туралы өз пікірімізді белгілі бір шеңбер аясында сақтау дұрыс емес.

  1. Барлығын «ақ» пен «қараға айыру»

Өмірдің түрлі құбылыстары неше-түрлі бояуға боялған, алуан түрлі, бар немесе жоқ, жақсы немесе жаман, барлығын алам немесе ештеңе алмаймын деу, басқа мүмкіндіктер мен құбылыстарды көрмей қалуыңызға әкеліп соғады. Мінсіз жұмыс, немесе дос, қарым-қатынс өмірде болмайды. Бар нәрсе қанағат тұтып, әр нәрсенің пайдалы және жақсы тұстарын көре білу үлкен өнер.

  1. Құбылыстарды жалпылау.

Көбінесе біз өз сәтсіздіктеріміз бен жетістіктеріміздің арасында сабақтастық тауып, барлығын жалпылау әдетіне берілеміз. Алайда бірнеше рет қайталанған оқиғалар әлі ештеңенің белгісі болып табылмайды.

  1. Оқиғаларды көңіліңізге жақын қабылдау

Теледидардан көрсететін жағымсыз жаңалықтар мен көршіңіздің ауруы туралы әңгімесіне немесе досыңыздың басына түскен қиын мәселесіне қайғырып, көңіліңізге жақын алудың қажеті жоқ. Көмектесіңіз, көңіліңізді білдіріңіңз, бірақ біреудің проблемасы үшін қайғырмаңыз.

  1. Бір сәтте келетін эмоцияларға бой алдыру. Сіздің эмоцияларыңыз сіздің қоршаған ортаға деген субъективті көзқарасыңызды ғана білдіреді. Ол барлық жағдайда дұрыс бола бермейді.
  1. Апатияға берілу

Сәтті болу үшін, оптимист болу керек. Ізденіңіз, талаптаныңыз, ең бастысы жақсылыққа сеніңіз! Сеніміңіз ақталып, іздегеніңіз табылады. Салғырттыққа берілгенадамдадр көбіне өздерін қоршаған мүмкіндіктерді байқамайды.

  1. Барлығын ережелерге сай жасау әдеті

Көбінесе біз өзімізге өзіміз ережелер жасап, ісімзге шек қоямыз. Олар өзімізге кедергі келтіріп, аяғымызға тұсау болады.

  1. Өткенді қозғау әдеті

Өткен шақты жайына қалдырып, біреулерге ренішіңіз бен өкінішіңіз болса, оларды кешіріп, жайына қалдырсаңыз алға қарай қадам басып, өмір сүруіңізге пайда келтіреді. Өткенді қалдырып, өз сәттілігіңізге сеніммен өмір сүру әлдеқайда тиімдірек.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0