100 000 теңгені қандай пайдалы іске салуға болады

Сіздің айлық табысыңыздан артық 100 000 мың теңге бар делік. Пәтерақысын, тамағыңыз бен басқа да күнделікті шығындарыңызды алып тастағанда осындай сомада артық ақшаңыз қалды делік. Сіз әлбетте бұл қаржыңызды бір пайдалы іске салып көбейткіңіз келген болар, ең болмағанда ақшаңыз бостан-босқа жаратылып кетпей жинақталғанын қаларсыз немесе бір пайдалы іске жұмсалғанын қаларсыз.

car-1789819_1920

Қаржыңызды сақтап, көбейтудің бірден-бір жолы әрине банктердегі депозит, алайда қазіргі экономикалық жағдайда депозиттердің үстемелік пайызы инфлянциядан едәуір аз сондықтан сіздің ақшаңыз депозит пайызымен бір жағынан көбейіп жатса, екінші жақтан экономикалық инфляцияға байланысты өз құнын жояды. Сондықтан басқа да жолдарды қарастырған жөн болар. Қарастырып көрейік.

  1. Қиын кезеңге сақталған ақша

Әр адам еңбек етпеген кезде айлық жалақысыз 2-3 ай алаңсыз өмір сүре алатындай қаржы жинастырып қоюы керек. Мысалыға, сіз айына 100 000 теңге жалақыға өмір сүретін болсаңыз, 200 000-300 000 теңге қаржы жинастырыпқоюыңыз керек. Табан астынан жұмысыңыздан айырылып қалсаңыз, басқа жұмыс тапқанша өмір сүретін қаржыңыз болуы керек. Әрине бұл ақшадан ұсақ-түйек нәрселерге қаржы алудың болмайтындығы айдан-анық.

 

  1. Өз басыңыздың дамуына арналған салым

Егер келеңсіз жағдайға арналған ақшаңыз бар болса, артық ақшаны өзіңізге арналған салым қылыңыз. Қаржыны өзіңіздің денсаулығыңызға, оқуыңызға немесе  жұмысыңызға қажетті жаңа құрал-саймандарыңызға жаратуға болады. Ол үшін Сізге ең бірінші ретте не қажет екенін анықтап алыңыз.

Денсаулығыңыз сыр беріп жүрсе, емделіңіз. Кәсіби мамандығыңыздан біліміңізді ұштау керек болса арнайы курстарға жазылыңыз, неғұрлым білікті маман болсаңыз, соғұрлым мол жалақы алып мансабыңызды биіктетуге  мүмкіншілігіңізді арттырасыз.  Егер жұмысыңызға қажетті компьютеріңіз ескірсе, жаңасын сатып алыңыз. Жаңаң әрі замануи құрал сіздің жұмысыңыздың пайдасы мен өнімділігін арттырады.

Сіздің денсаулығыңыз бен біліктілігіңіз – сарқылмайтын активіңіз сондықтан оларды әрдайым көбейтіп тұруыңыз қажет. Олар қандай жағдай болмасын сіздің меншігіңізде болады. Жаңа әрі жақсы жұмыс істейтін құрал, жұмысыңыздың жемісті болуына ықпал етеді.

 

  1. Қаржыны арманыңызға жаратыңыз

Адам жұмыс істеп ақша тапқанда, ол ақшаны өзінің мүдделеріне, арманына жарату үшін табады. Сондықтан егер ойыңызда жүрген мақсатыңыз немесе арманыңыз болса соның орындалуы үшін артық қаржыны жинастыруыңыз жөн болар. Машинаға, саяхатқа немесе жаңа көйлекке.

Ол үшін қаржыңызды жарататын мақсатыңызды өзіңіз үшін айқындап алыңыз. Содан кейін ай сайын артық ақшадан сол мақсатыңыз үшін ақша жинастырыңыз. Арманыңыздың орындалу мерзімі мен оған қажетті соманы да әу бастан белгілеп алған жөн.

 above-1822484_1920

  4.Балаларыңыздың келешгіне жинаңыз

Егере сіздің бала-шағаңыз бар болса артық ақшаны балаларыңыздың болашағына жинастырғаныңы да жөн. Сіз балаларыңызға кішкентайынан неғұрлым дұрыс инвестиция жасасаңыз, кейін балаларыңыз өскенде сол инвестицияңызды өзіңізге дивидент ретінде кері қайтаратыны анық. Балалардың боашағына жасалған инвестиция деп біз әрине олардың білімі мен таланттарын тереңдету мақсатында жұмасалған қаржыны айтамыз

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0