Барлық адам жіберетін 4 қаржы қателігі

Shark Tank телешоуының кейіпкері және миллионер Кевин О”Лори қаржыға байланысты ең көп жіберілетін қателер және олардан қалай сақтануға болатындығы туралы айтып берді.

  1. Қателік: Керегі жоқ қолданбайтын заттарға ақша жұмсау

Адамдар көбіне өздеріне еш керегі жоқ заттарды сатып алады, әсіресе киімдерді. Егер әр адам өзінің киім сақталатын шкапын ашып қараса ол жердегі киімінің 100%-ден 80% ол еш кимейді, күнделікті қолданыста барлық киімнің тек 20% ғана керек болады.

 

Шешім: Қымбат әрі сапалы киім сатып алыңыз да соны киіңіз, ақшаңызды арзан-құрзан бір-екі рет кигеннен кейін тастайтын киімге жұмсамай сізге ұзақ мерзім бойы қызмет ететін сапалы киім алыңыз.

  1. Қателік: Өзінің айлық шығындарын білмеу

Менің бір байқағаным адамдардың барлығы дерлік өздерінің бір айда қанша ақша жаратындықтарын білмейді. Бай болсын, кедей болсын, қәрі болсын жас болсын олар 30 күн ішінде өмір сүруге қаншаақша жарататындықтарын білмейді. Менің ойымша бұл өте қауіпті.

Шешім: 90 күн бойы барлық кірістеріңз бен шығындарыңызды жазып жүріңіз. Қайдан қанша ақша пайда таптыңыз, неге қанша ақша жараттыңыз тиынына дейін арнайы дәптер арнап соған жазып жүріңіз. Содан кейін бір айға қаржылық жоспар жасаңыз да соған сай қаржы жаратыңыз.

  1. Қателік: Тапқан ақшасынан артық мөлшерде ақша жұмсау

Өзінің ай сайын табатын қаражаты мен жұмсайтын шығындарын есептемеген, және минутты эмоцияларға беріліп ақша жұмсайтын адампайда таппайтыны анық.

Шешім: Шығындарыңызды қысқартыңыз, керек болса өмір сүру әдеттеріңізді өзгертіңіз. Барлығы сіздің өзіңізді-өзіңіз тәрбиелеуіңізге байланысты. Ақшаны аз жаратыңыз да, жинауға тырысыңыз, ең көп қаржы жарату кредиттік карталармен байланысты сондықтан одан сақ болыңыз.

  1. Кредиттік карталармен қарызға бату

Кредиттік карта өте қауіпті нәрсе оны ешқашан ашпаңыз. Ал егер оның ай сайын төленетін пайыздық үстемесін төлей алматйын болсаңыз онымен еш байланыспағаныңыз жөн.

Шешім: кредиттік карталарыңыздағы барлық қарыздарыңызды өтеңіз. Содан кейін картаңызды жабыңыз да кесіп тастаңыз.

 

Дереккөз:   https://www.entrepreneur.com/article/278020

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0