Дұрыс тамақтанудың 15 қағидасы

Ағзаңыз астан керекті дәрумендерді сіңіріп, оларды дұрыс пайдалануы үшін тамақтанудың басты шарттарын ұстану қажет.

Біз сіздерге дұрыс тамақтанудың 15 шартын ұсынамыз

groceries-1343147_1920

  1. Тағамдардың түрлілігі

Тағам тек аз және тұрақты ғана емес, сонымен қатар түрлі болуы керек. Тағамда өсімдіктен және жануарлардан құралған ас болуы керек.

salad-374173_1920

  1. Тәуліктік тамақтанудың калориялық өлшемі

Адамның жасы ұлғайған сайын оның тағамының калориялары азаюы қажет. Тағамдағы ақуыз деңгейі өзгерместен, жануарлар майы мен көмірсулар азаюы қажет (мысалыға: нан, картоп,қант)

 

  1. Күніне 5 рет тамақтану

Тамақты күнделікті белгілі бір уақытта қабылдау керек. Күніне 5 рет белгілі бір уақытта тамақтанған адам артық тамақ жемейді. Ал жүйелі түрде тамақтанбау, ас қорыту жүйесіне зарарын келтіреді.

 

  1. Жәймен тамақтану

Егер сіз шаршап тұрсаңыз тамақтанбаңыз, тамақ алдында аз ғана уақыт тыныстап алыңыз. Тамақтану барысында ойыңызды жұмыспен, мәселелермен немесе басқа нәрселермен толтырмаңыз. Тамақты жәймен, асықпай жеу керек.

 

  1. Тамақты ұзақ шайнау

Ауызға салынған тағам жұтылмастан бұрын кем дегенде 20 рет шайналуы керек.

 

  1. Құрғақ тамақтан бас тарту

Құрғақ тамақтан бас тарту қажет. Ет, балық, көкөніс және саңырауқұлақ сорпасына дайындалған сұйық тамақ асқазан сөлінің бөлінуін жақсартады.

water-263054_1920

  1. Көкөністер мен жемістер

Жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидектерді көп жеуге тырысыңыз. Олар ағзаңызға қажетті дәрумендер, минералды тұздар, органикалық қышқылдар, жасұнықты молынан береді. Ас қорыту мен ағзада зат алмасуын жақсартады.

 

  1. Су ішу

Тәулігіне кем дегенде 2-2,5 литр су ішіңіз. Қайнамаған фильтр арқылы тазартылған су пайдалырақ.

 mineral-water-1532300_1920

  1. Таңғы ас пен түскі асқа ағуызды тағам жеу

Таңғы және түскі асқа ағуызды тағаммен тамақтаныңыз. Олар: ет, балық, жұмыртқа, көкөністер, сүзбе және ботқа. Ботқаны суда қайнатқан пайдалы.

  1. Кешкі асқа – сүт, көкөністер мен өсімдік өнімдері

Кешкі асты ұйқыға жатар алдында кем дегенде 2 сағат бұрын қабылдау қажет.

 

  1. Айранқышқыл тағамдар

Майсыз айранқышқылды тағамдарды пайдаланыңыз. Айранда ағза үшін пайдалы жануарлық ақуыз бар.

 

  1. Жаңадан әзірленген тағамды жеңіз

Тоңазытқышта бірнеше күн тұрған тағам өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтып, ағзаны қоқыстандырады.

 

  1. Тамақтанудан демалыс күні

Аптасына бір күн тамақтан бас тартып, асқазаныңызға демалыс беріңіз. Егер апта сайын жасау қиын болса, айына бір немесе екі рет жасаңыз. Бұл шара ағзаңызды қоқыстан тазартады.

 

  1. Дәрумендер қабылдау

Тағамнан ағза өзіне қажетті дәрумендер мен микроэлементтерді керекті мөлшерде ала-алмайды сондықтан дәрумендер қабылдаған жөн.

 

  1. Тек ашыққанда ғана тамақтаныңыз

Өз ағзаңызға құлақ асыңыз. Егер ашықпасаңыз тамақтанбаңыз. Бұл салмағыңызды қалыпты жағдайда сақтауыңызға көмектеседі.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0