ПРАГАДА ӨМІР СҮРУ ҚАНША ТҰРАДЫ

Бұрынғы социалистік лагерь мемлекеттерінің қалаларының ішінде Чехияның астанасы қазіргі таңда туристер арасында ең танымалы, соның арқасында шаһардың табысынң бестен бір бөлігі туризмнен келетін пайдамен толықтырылады. Прагада 1,3 миллион адам тұрады, олардың 165 000 шет ел азаматтары олардың 40%  ТМД азаматттары. Ал енді Прагада өмір сүру қанша тұратынын сарапатап көрейік.

1 чех кроны = 13,40 тенгеге тең

132 660 теңге  (9 900 чех кроны)

Ең төменгі жалақы мөлшері

254 600 теңге (19 000 чех кроны)

аз табыс

361 800 теңге (27 000 чех кроны)

Орташа табыс

643 200 теңгеден басталады (48 000 чех кроны)

жоғарғы табыс

 

ТҰРҒЫН ҮЙ

 9 000 кроннан бастап

 chekhiya_praga_ulitsa_zdaniya_vecher_94209_3840x2400

Прагада үй жалдау қатты қымбат емес шет жағында метро бекетіне жақын жерде бір бөлмелі студия пәтерді 9 000 кроннан бастап (120 600 теңге) жалдауға болады, ал одан үлкенірек пәтер жалдаймын десеңіз бағасы қымбаттай береді. Қала орталғандағы 3 бөлмелі зәулім пәтер үшін  35 000 (469 000 теңге) крон төлейсіз. Көптеген чехтер үй сатып алуға несие алып, қаланың шет жағынан жаңа үй сатып алуға тырысады. Жалға берідетні пәтердердің кәріздері мен жалпы жағдайы әдетте жақсы болады, құрылған аспасздық жиһазы тағы басқалармен беріледі. Айлық коммуналдық төлемдер 2700 кроннан (36 180 теңге) жоғары болады оны үй иелері пәтерақысына қосып немесе бөлек төлетеді.

 

ЖОЛ ЖҮРУ

tram

730 крон

Праганың қоғамдық көлік жүйесі әлемдегі ең қолайлылардың қатараына жатады. Қалада метро, автобус, трамвай, фуникулер мен паромда да қатынайды. Қоғамдық көліктің барлық түрлерін 1,5 сағаттың ішінде қолдану үшін 32 крон (430 теңге) төлейсіз.  1,5 сағат көп десеңіз одан арзанырақ жарты сағаттық билеттер де бар, сонымен қатар апталық және айлық жолжүру карталары бар. 15 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан жоғары қарттар қоғамдық көлікті тегін қолдананды. Көп жылдар бойы қоғамдық көлікті СМС жіберу арқылы төлеу жүйесі де жұмыс істейді. Жеке көлікті тек қала шетінде немесе сыртында ғана қолданған абзал.

ДӘРІГЕРЛІК САҚТАНДЫРУ

3510 кроннан басталады

Чехияда міндетті дәрігерлік сақтандыру туралы заң бар, сондықтан да әр жұмыс істейтін адам сақтандыру қорына өз табысының 13,5 % жібереді (оның 4,5 % жұмысшы ал 9 % — жұмыс беруші төлейді).

Егер орташа жалақы 361 800 теңге деп санайтын болсақ, сақтандыру 47-50 000 теңгесін құрайды, балалар сақтандыруға тегін тіркеледі. Егер тіс емдеу, фитнесс, массаж, ине салу сияқты қызметтер алғыңыз келсе оның құны қымбатырақ болады.

АЗЫҚ-ТҮЛІК

 100 000 теңгеден басталады

Прагада британдық Tesco, голландттық Albert және алмандық Kaufland, Lidl, Billa азық-түлік статаын жүйелері жұмыс жасайды. Солрамен қатар ұсақ-түйек дүкендер де жетерлік. Негізінен чехтар тек өз мемлекеттерінің тауарларын сатып алуды жөн санайды.

Мысалыға. Үш адамнан құралатын жанұя азық-түлік пен шарапқа аптасына 25-30 000 теңге жаратады екен. Ал түсте және кешке дәмханалардан тамақтанатын болсаңыз ол арзанға түседі. Ең бастысы туристер тамақтанатын Старомест алаңында тамақтанбай кішкене кафелереде тамақтанған жөн, олардың бағасы едәуір арзан, орта есеппен 3500-4500 теңге.

ОЙЫН-САУЫҚ

u_vejvodu_675

 11 000 теңгеден бастап

Праганың Халық театрында жақсы орын 900 крон тұрады (12 060 теңге ), студенттер билетті едәуір арзанға ала-алады. Кино билеттері адам басына орта есеппен 1 000-2 000 теңге тұрады, музей билеттері сәл қымбатырақ. Күн жылынған кезде қалада көптеген тегін концерттер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

ҚЫЗМЕТТЕР

Айына 14 500 теңдеген бастап

Фитнес клубқа айлық абоненмент 10 000 теңеден жоғары тұрады, шаш қысқарту – 5 000-10 000 теңге, маникюр – 3 000- 6000 теңге,

Балалар бақшасы Чехияда тегін тек балаңыздың тамағы мен сурет салатын, оқитын құралдарын төлесеңіз болғаны тамағы айына 8 000 теңге, ал құралдар 7 000-10 000 теңге төлейсіз. Мектептердің көбі тегін, ал балаңыздың тамағына айыа 8 000 теңге төлейсіз. Ағылшынның жеке мектебінде бала оқыту айына360 000 теңгені құрайды.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0