КОФЕНІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

Күнделікті өмірінде кофе ішпейтін адам кемде-кем. Алайда бір нәрсені қолданбастан бұрын оның ағзамызға берер зияны мен пайдасы туралы көп ойлана бермейміз. Ғалымдар кофенің пайдасы мне зиянын әр-түрлі жағынан әлі күнге дейін зерттеп келеді. Біз сол зерттеулердің көп таралған нәтижелері негізінде өз тізімімзді ұсынамыз.

Кофенің құрамында 1200 химиялық қосындалар бар олардың шамамен 800 дәміне жауапты хош иісті қосындылар.

1 литр кофе құрамында 1500 мг кофеин (C8H10N4O2), бар. Кофеин – алкалоидқа жатады, оны жүйелі түрде қолдану адам ағзасында алкоголь тәуелділігі сияқты кофеге деген тәуелділікті тудырады.

Пайдасы:

  1. Кофе адам ағзасына сергектік сыйлап, көңіл-күйді жақсартады. Қысқа уақыт аралығына адамның есте сақтау қабілетін арттырады.
  2. Кофе бауыр циррозымен ауруды шегертеді.
  3. Кофеин бас ауруларына қарсы жақсы әсер етеді, аспирин мен парацитамолдың ағзаға әсер етуін арттырады, сонымен қатар Паркинсон мен Альцгеймер сияқты аурулардың да алдын алады.
  4. Сонымен қатар диабет ауруының алдын алуға да көмектеседі
  5. Астма, өтте тас жиналуын және жүрек талмасының да алдын алуға көмектеседі.
  6. Кофейннің сергектеткіш қасиеті арықтауға да септігін тигізеді, бір шыныаяқ кофе ішкен адамның аэробикалық жаттығулары тиімді болады, өйткені кофе диета мен спортпен шұғылдану кезінде ағзаны көмірсуды емес майларды жұмсауға жұмыс істеткізеді.

 

Зияны:

  1. Кофе адам ағзасын тәуелділікке ұшыратады.
  2. Үздіксіз кофе ішетін адамдардың жүйке жүйесі демалыссыз көтеріңкі күйде жүргеннен шаршап, сыр бере бастайды.
  3. Қан қысымын жоғарылатады
  1. Кальций,магний,калий,натрий, B1 және B6 витаминдерінің ағзаға сіңуіне кедергі келтіріп, пайдалы заттарды несеппен айдап шығарады. Бұл өз кезегінде көптеген дерттерге әкеліп соғуы мүмкін.
  2. Жүкті әйелдердің кофе ішуі жатырындағы баласының өліміне әкеліп соғу қаупі бар.
  3. Сүзілмеген кофе қанда холестерин мөлшерінің артуына әкеледі.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0