2016 жылы әлемнің ең бай спортшысы Криштиану Роналду

Әлемдік бизнес-рейтингтердің сараптамасы бойынша 2016 жылғы әлемдегі ең бай спортшысы және ең бай футболшысы 31 жасар Криштиану Роналды болып отыр.

Мадридттік «Реал» клубының жұлдызы  Криштиану Роналдуға 2016 жыл $88 млн пайда әкелген, оның $32млн футболшыға жарнама үшін Nike, Tag Heuer, Castrol, Samsung және Herbalife сияқты компаниялар төлеген.

4-cristiano-ronaldo

Өткен футбол маусымында Роналдуға «Реал» футбол клубының өзі әрбір соққан голы үшін $1,1 млн төлеген, ал талантты футболшы 51 гол соқты.

Сонымен қатар Роналду Facebook желісінде де ең қымбат футболшы атағына ие, оның парақшасында жарнамалық пост жариялау $144 000 тұрады, ал спортшының парақшасына 117 милионнан астам жазылған.

cristiano-ronaldo

Футболшының жалпы байлығы 210 млн. евроға тең. Роналдуға дейін 15 жыл бойы бұл тізімнің бірінші орнын Тайгер Вудс иеленіп келген.

Әл. желіде бөлісу

Share to Facebook
Share to Google Plus
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0